27.09.2006, 10:52 2972

Назарбаев пен үлкен Буш Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады

ВАШИНГТОН. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш "Уокер поинт" қонысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады, деп хабарлады Вашингтондағы АҚШ елшісі Қанат Саудабаев. "Екі лидер кездесуде тек өткен шақ туралы әңгіме өрбітіп қана қоймай, Қазақстан мен Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын да талқылағаны аса маңызды оқиға болмақ",- деді кездесуге тікелей қатысқан Қ.Саудабаев.

ВАШИНГТОН. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш "Уокер поинт" қонысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады, деп хабарлады Вашингтондағы АҚШ елшісі Қанат Саудабаев.

"Екі лидер кездесуде тек өткен шақ туралы әңгіме өрбітіп қана қоймай, Қазақстан мен Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын да талқылағаны аса маңызды оқиға болмақ",- деді кездесуге тікелей қатысқан Қ.Саудабаев.

"Бұл бір-бірін көптен бері жақсы білетін екі адамның меймандос жарқын кездесуі болды. Мұндай қабылдау арқылы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен құрмет-ілтипат белгісі танытылып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ұлығаусар табыстарын мойындау ишарасы жасалды",- деді ол.

"Қазақстанның осы уақыт ішінде жүріп өткен жолын үлкен Джордж Буш қана лайықты бағалай алады. АҚШ президенті ретінде Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған да сол, екі жақты қарым-қатынастардың іргетасын қалаған да сол. Еске аларлық нәрселер сол себепті көп болды",- деді Қ.Саудабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны