28.09.2006, 09:51 2798

Назарбаев пен үлкен Буш Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады - толықтырылған нұсқа

ВАШИНГТОН. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш "Уокер поинт" қонысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады, деп хабарлады Вашингтондағы АҚШ елшісі Қанат Саудабаев.

"Екі лидер кездесуде тек өткен шақ туралы әңгіме өрбітіп қана қоймай, Қазақстан мен Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын да талқылағаны аса маңызды оқиға болмақ",- деді кездесуге тікелей қатысқан Қ.Саудабаев.

"Бұл бір-бірін көптен бері жақсы білетін екі адамның меймандос жарқын кездесуі болды. Мұндай қабылдау арқылы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен құрмет-ілтипат белгісі танытылып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ұлығаусар табыстарын мойындау ишарасы жасалды",- деді ол.

"Қазақстанның осы уақыт ішінде жүріп өткен жолын үлкен Джордж Буш қана лайықты бағалай алады. АҚШ президенті ретінде Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған да сол, екі жақты қарым-қатынастардың іргетасын қалаған да сол. Еске аларлық нәрселер сол себепті көп болды",- деді Қ.Саудабаев.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Н.Назарбаев "Қазақстан мен АҚШ арасындағы етене жақын ықпалдастық ядроылқ қаруды жою мен қару таратпау саласында басталды", деп атап өтті. "Сол себепті де бүгін ядролық қауіп-қатерді азайтуда шешуші роль атқарған біздің өзара қарым-қатынасымыздағы осы кезеңді бүкіл әлемнің есіне тағы бір салып өту айрықша өзекті",- деді ол.

"Қазақстан жаңаша мұрат-мүддеге бағдар алған қазіргі жолда біз алға қойған ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруда АҚШ дәстүрге сай басты әріптес ретінде қала береді",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Кездесуден кейін Қазақстан президенті мен АҚШ-тың бұрынғы президенті бірлесіп ашық теңізге кемемен серуенге шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны