03.06.2008, 17:45 2974

Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 маусымда Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Қазақстан президенті 6 маусымда Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне РФ президенті Дмитрий Медведевтің шақыруымен қатысады", - деді СІМ өкілі.

Оның айтуынша, саммит барысында мемлекет басшылары ТМД-ын одан әрі дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі шаралары жоспарының жүзеге асырылу барысын, соның ішінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының жобасын жасау барысын талқылауды көздеуде. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының кешенін жүзеге асыру, 2020 жылға дейінгі көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басымдық берілген бағыттарының жобасын жүзеге асыру жайы талқыланады. Тараптар Достастық органдарының іс-қызметін жетілдіру мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін қарамақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны