18.02.2008, 14:43 2884

Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті , деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Мәскеуде 22 ақпанда ТМД мемлекеті басшыларының бейресми басқосуы өтеді. Бұл кездесуге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы жоспарланған ", - деді Е. Ашықбаев.

Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мәскеуде 22 ақпанда ТМД мемлекеті басшыларының бейресми басқосуы өтеді. Бұл кездесуге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы жоспарланған ", - деді Е. Ашықбаев.

Ол атап өткеніндей, саммит барысында ТМД аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ 2007 жылдың 5 қазанындағы ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы аясындағы негізгі шараларды жүзеге асыру жоспары да қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны