10.10.2006, 15:43 3045

Норвегия Қазақстанмен етене жақын ынтымақтастық орнатудан мүдделі - Норвегия вице-министрі

АСТАНА. 10-қазан. Kazakhstan Today. Норвегия Қазақстанмен етене жақын ынтымақтастық орнатудан мүдделі. Бұл туралы Норвегияның сыртқы істер вице-министрі Кьетил Скугранд ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесу қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

К.Скуграндтың айтуынша, "қазір Норвегияның кейбір компаниялары Қазақстанда жұмыс істеп жатыр, экология, мұнай өнеркәсібіне арнап маман дайындау, мұнай ресурстарын басқару салаларында жақын ынтымақтастық орнаған". Ийтсе де, шенеуніктің айтуынша, "Қазақстан мен Норвегия арасындағы тауар айналымының деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Дегнмен, кейбір салаларда, мәселен, балық өнімдерін экспорттау саласында өсім байқалады. Исіресе энергетика саласында бұдан да жақын ынтымақтастық орнату әлеуеті жоғары",- дейді К.Скугранд.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны