01.02.2010, 18:34 3073

Норвегия корольдігінің тақ мұрагері ханзада Хокон Магнус Қазақстанға ресми сапармен келмек

Норвегия корольдігінің тақ мұрагері ханзада Хокон Магнус Қазақстанға ресми сапармен келмек

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанға 4 және 5 ақпанда Норвегия корольдігінің тақ мұрагері ханзада Хокон Магнус ресми сапармен келмек. Сапар барысында ханзада еліміз басшылығымен бірқатар кездесулері орын алады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сонымен қатар, жоғары дәрежелі қонақ қазақ-норвегиялық бизнес форумға, Астанадағы Норвегия елшілігінің және "Syslab" еңбекпен қамтамыз ету орталығының ашылу рәсіміне қатысып, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылар ұжымымен кездеседі деп жоспарлануда.

Скандинавиялық ханзадамен бірге келген Норвегия сыртқы істер министрі Йенс Сторре еліміздің сыртқы істер ведомствосы басшылығымен кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны