20.09.2007, 17:55 2917

"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының өкілдері "Единая Россия" бүкілресейлік саяси партиясының сегізінші құрылтайына қатысады

"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының өкілдері "Единая Россия" бүкілресейлік саяси партиясының сегізінші құрылтайына қатысады.

Астана. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының өкілдері "Единая Россия" бүкілресейлік саяси партиясының 1 - 3 қазанда өтетін сегізінші құрылтайына қатысады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, құрылтай Ресей Федерациясының ең маңызды саяси оқиғаларының бірі болатын, осы жылдың желтоқсанына белгіленген Мемлекеттік думаға депутаттар сайлаудың алдында өтеді.

"Екі мемлекеттің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин негізін қалаған екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктың жоғарғы деңгейін ескере отырып, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының өкілдері "Единая Россия" бүкілресейлік саяси партиясының сегізінші құрылтайының жұмысына қатысуы өзара татулық қатынастар мен конструктивтік партияаралық келіссөздерді одан әрі дамыту мақсатына қызмет етеді.

Өкілдік құрамына "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының брінші орынбасары Б. Жұмағұлов, партия төрағасының орынбасары С. Громов, Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаты Е. Нығматулин, Қазақстан прарламентіндегі партия фракциясы аппаратының жетекшісі Н. Ыбырайым кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны