22.05.2007, 11:00 2651

"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі мәжіліс өкілеттілігінің мезгілінен бұрын тоқтатылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды

АСТАНА. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Имзебек Жолшыбеков үшінші шақырылған парламент мәжілісінің өкілеттілігі Конституцияға өзгерістер енгізілуіне байланысты мезгілінен бұрын тоқтатылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің қойған тиісті сауалына жауап берген фракция жетекшісі, мәжіліс депутаты Имзебек Жолшыбеков : "толығымен жоққа шығармаймын", - деді. Сондай-ақ ол "бұл сұраққа біржақты жауаптың жоқтығын" жеткізді.

"Біздің заңдарымыз мезгілінен бұрын сайлау өткізуге де, парламентті таратуға да мүмкіндік береді. Және жаңа нұсқада мәжілістің жеке өзін де таратуға болатын бап бар", - деді депутат Имзебек Жолшыбеков. "Бірақ қандай жағдай орын алмасын, заң шығару қызметі тоқтатылмайды", - деп атап өтті фракция жетекшісі.

Сонымен қатар, Имзебек Жолшыбеков "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының отырысында да, Елбасымен кездесу кезінде де "алдағы немесе мезгілінен бұрынғы сайлау мәселесі талқыланбағандығын" атап өтті.

"Біздің Конституциямыз жұмыс істеп кетуі үшін (президент тиісті заңға қол қойғаннан кейін) және оны іске асыру үшін конституциялық заңдарға және басқа да заңдарға олар еліміздің басты заңына сәйкес болуы үшін тиісті өзгерістер енгізу қажет. Бұл заңдарды қабылдағаннан кейін пайдалылық және қажеттілік қағидаларынан шыға отырып шешім қабылданады", - деді Имзебек Жолшыбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны