03.05.2007, 16:13 3233

"Нұр Отан" мен Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ

АСТАНА. 3 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның "Нұр Отан" халықтық -демократиялық партиясы мен Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ. Мұндай келісімге бүгін екі партия өкілдерінің кездесуі барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз үстіміздегі жылдың күзінде қол қоятын Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясымен ынтымақтастық туралы декларация дайындамақпыз",- деді кездесу барысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов. Оның пайымдауынша, қол қойылған келісім Қазақстан мен Жапония арасындағы партиялық қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Жапония партиясының басшысы "Нұр Отанның" бастамасын қолдады. "Мен де қазіргі уақытта қатынасымызды партия деңгейінде дамыту өте маңызды деп ойлаймын",- деді Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясының саяси зерттеулер жөніндегі кеңесінің төрағасы Сеити Накагава. "Сонымен қатар ынтымақтастықты партиялардың аймақтық бөлімшелері деңгейінде де дамыту қажет, бұл партиялар арасындағы өзара ықпалдастық стратегиясын нақты белгілеуге мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны