28.02.2008, 18:46 4453

"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын қабылдады

"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын қабылдады

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" ХДП-ның саяси кеңесі бюросының бүгін өткен отырысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бағдарламада еліміздің азаматтары көптен күткен нақты шаралар белгіленген, олар сыбайлас жемқорлықпен күресті сапалық жоғары деңгейге көтеруге, соның ішінде бірінші кезекте әрбір сыбайлас жемқорлық дерегі үшін жазаның бұлтарыссыз болуын қамтамасыз етуге, халық арасында мемлекет олардың құқықтары мен міндеттерін қорғауға қабілетті және баршасының заңның алдындағы теңдік принципін іс жүзінде жүзеге асыра алады деген нық сенімді орнықтыруға септігін тигізеді", -деді партияның саяси кеңесінің мүшесі, парламент мәжілісінің депутаты Серік Баймағамбетов.

Оның айтуынша, атап айтсақ, "бағдарламада мемлекеттік органдардың іс-қызметі мен олар қабылдайтын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін шаралар кешенін қамтиды". "Мұндай көзқарасты қамтамасыз етудің бір элементі - қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігі болмақ. Бұл мәселеде қоғамдық қабылдаулар мен сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестерге айрықша роль жүктеліп отыр, олар еліміздің барлық өңірлерінде құрылып жұмыс істеуде", - деді С. Баймағамбетов.

"Бағдарламаның жобасы Қазақстан Конституциясы мен заңдарына сәйкес келеді, оларда мемлекеттік органдардың, әсіресе құқық қорғау мен соттың іс-қызметіне заңсыз араласуға мүмкіндік беретін шаралар жоқ",- деді ол.

С. Баймағамбетов сондай-ақ, "бағдарлама жобасында халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне айрықша роль бөлінген",- деді. "Егер еліміздің азаматтары өзінің құқықтары мен міндеттерін айқын білсе, бұл болуы мүмкін заңсыздықтарды қысқартады", - деді ол.

Оның айтуынша, бағдарламаның жобасын жасау барысында басқа да саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, ғылыми мекемелермен ақыл-кеңестер алмасылған. Жалпы алғанда, депутаттың айтуынша, "партияның бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қозғалыс қалыптастырумен тығыз байланысты".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны