05.01.2007, 10:56 2837

"Нұр Отан" партиясы төрағасының міндетін атқарушы мен ҚР мемлекеттік қызмет істер жөніндегі Агенттіктің төраға орынбасары ортақ істерінің негізгі бағыттары туралы әңгімелесті

АСТАНА. 5 қаңтар. Kazakhstan Today. Кеше Халық-демократиялық "Нұр Отан" партиясының орталық кеңсесінде ХДП төрағасы Бақытжан Жұмағұлов ҚР президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясы түлектерінің Ассоцияциясы президенті, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ғабидолла Абрахимовпен кездесті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. Жұмағұлов пен Г. Абдрахимов ҚР президентінің ең бастысы "Нұр Отан" партиясын жастардың партиясы ету туралы тапсырмасын сөз етті.

Сонымен қатар, кездесу барысында алдағы жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру бағыттары және халықаралық стипендия түлектерін неғұрлым тиімді пайдалану аясы турасында пікір алмасты. Олардың озық технологиялар және демократиялық процесстер жөніндегі білімдері отандық партия құрылыстарының кез келген саласында қажет болуы анық. Бұл ретте алдымен Қазақстанның жетекші саяси күшінің одан әрі дами түсуінде қажет болмақ,-деген тұжырымға келді кездесуге жиналғандар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны