03.07.2007, 14:15 5285

"Нұр Отан" партиясының кезектен тыс сьезінде партияның сайлау алдындағы тұғырнамасы талқыланып, мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің тізімі жасалады

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 4-шілдеде өтетін "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс 11-ші сьезінде партияның сайлау алдындағы тұғырнамасы талқыланып, мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің тізімі жасалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Құрылтайдың күн тәртібіне елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға, алдағы мәжіліс және мәслихат сайлауларына байланысты бірқатар мәселелер енгізілген.

Сьезд делегаттары партияның сайлау алдындағы тұғырнамасын , "Нұр Отан" ХДП атынан мәжіліс депутаттығына ұсынылатын үміткерлердің тізімін тақылайды",- делінген хабарламада.

Сонымен бірге сьезде қазіргі ахуалға және Қазақстанның даму стратегиясына сәйкес және ел Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкестендіре жасалған "Нұр Отан" ХДП бағдарламасының жаңа редакциясы талқыланады. "Нұр Отан" партиясының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Конституциялық реформа негіз болды, бұл да құрылтайда талқыланатын мәселелердің бірі", - делінген мәтінде.

Құрылтайға 340 делегат пен 600-ден астам арнайы шақырылған адамдар, соның ішінде партияның "Жас Отан" жастар қанатының 200-ден астам мүшесі мен аймақтық және республикалық БАҚ-тардың 200-дей өкілі қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны