02.09.2007, 10:37 1515

"Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясын Жұмағұлов басқаратын болды

"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі болып Бақытжан Жұмағұлов сайланды. Мұндай шешім кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясынан мәжіліске сайланған депутаттарымен кездесуде қабылданды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі болып Бақытжан Жұмағұлов сайланды. Мұндай шешім кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясынан мәжіліске сайланған депутаттарымен кездесуде қабылданды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Отырыс барысында "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі болып Бақытжан Жұмағұлов сайланды", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында ел президенті партиялық тізім бойынша сайланған мәжіліс депутаттарын құттықтады. ""Нұр Отан" партиясының жеңісі еліміз үшін аса маңызды оқиға болды. Халық жаңарған Қазақстан үшін, демократия мен даму үшін, ұлтымыздың бәсекелестік қабілеті үшін дауыс берді. Біздің әділетті, бәсекелі әрі әділ сайлау өткізгенімізге дүниежүзі куә болды, бұл сайлауда "Нұр Отан" партиясы заңды әрі лайықты жеңіске жетті", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев өткен сайлаудың нәтижесінде "саяси жүйенің жаңа конфигурациясы жасалғанын, оның аясында саяси институттар мен билік бұтақтары арасындағы ықпалдастықтың жаңаша негізде құрылатындығын" атап өтті.

Осыған байланысы Н. Назарбаев "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясынан сайланған депутаттардың алдында алдағы кезеңде тұрған бірқатар мақсаттарды атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны