09.01.2007, 13:29 3256

"Нұр Отанның" парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында республика үкімет басшысы лауазымына Кәрім Мәсімовтың кандидатурасы талқыланды

Бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында республика үкімет басшысы лауазымына Кәрім Мәсімовтың кандидатурасы талқыланғанын бір парламент депутаты құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Болашақ үкімет басшысының кандидатурасы қызу талқыланды, бәрі оны мақтап бақты. Ол , мүмкін, мақтауға лайық та шығар",- деді депутат. Өз кезегінде фракцияның отырысына қатысқан тағы бір депутаттың журналистерге хабарлауынша, фракцияның бүгінгі отырысында талқыланған премьерліктен кандидат "экономист және заңгер мамандығы бар, үкіметте көптен бері істеп келе жатқан адам".

АСТАНА. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында республика үкімет басшысы лауазымына Кәрім Мәсімовтың кандидатурасы талқыланғанын бір парламент депутаты құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Болашақ үкімет басшысының кандидатурасы қызу талқыланды, бәрі оны мақтап бақты. Ол , мүмкін, мақтауға лайық та шығар",- деді депутат.

Өз кезегінде фракцияның отырысына қатысқан тағы бір депутаттың журналистерге хабарлауынша, фракцияның бүгінгі отырысында талқыланған премьерліктен кандидат "экономист және заңгер мамандығы бар, үкіметте көптен бері істеп келе жатқан адам".

"Бұл кандидатура өз іс-әрекеттерінде жалпы және парламентпен диалогта мәмілегерлігі тұрғысынан алғанда қолдауға тұрады",- деді депутат.

Ол сонымен бірге, "іс жүзінде кандидатура айқындалғанын, бірақ оны әдеттегідей, ел президенті таныстыруға тиіс" екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны