04.09.2006, 15:33 2855

Нұрсұлтан Назарбаев 2006-жылды Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасындағы ілгерілеушілік жылы деп атады

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Нұрсұлтан Назарбаев 2006-жылды Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасындағы ілгерілеушілік жылы деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2006-жыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың даму жолындағы серпінді жыл болды",- деп мәлімдеді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде мемлекеттік сапармен жүрген Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен келіссөздердің қорытындысы бойынша Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны