16.04.2009, 19:16 3255

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Қытай басшылығымен келіссөздер жүргізді

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Қытай басшылығымен келіссөздер жүргізді

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Қытай басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түстен кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халық жиналысы үйіне келді. Мұнда ресми кездесулер рәсімінен кейін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Қытай лидерлері жоғары және өте жоғары деңгейлердегі Қазақстан-Қытай байланыстарының қарқынды жоспарына анағұрлым толы болған 2008 жылғы үдемелі өзара іс-қимылға жоғары баға берді.

Тараптар жоғары және өте жоғары деңгейлердегі саяси диалогтарды одан әрі кеңейтуге, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген екіжақты ұмтылысты қолдады.

Н. Назарбаев екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттанушылық сезімін білдірді. Қазақстан әртүрлі саладағы өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік берген 2003-2008 жылдардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асырылу қорытындысын оң бағалайды.

Өткен жылғы кездесуде мемлекет басшылары 2008 жылы өзара сауда көлемі 15 млрд. долларға жететіні туралы айтқан болатын. Осыған байланысты, қаржылық дағдарысқа қарамастан, екі елдің арасындағы тауар айналымы 17 млрд. доллар көлемінен артқаны атап өтілді.

Қазақстан-Қытай қарым-қатынасында трансшекаралық өзендерде су ресурстарын тиімді пайдалну және қорғау маңызды орынға ие. Бұл мәселенің дұрыс реттелуі екі елдің орнықты әлеуметтік-экономикасының дамуына және үйлесімді болуына, екі тараптың да жалпы шекарасының бойында қоршаған ортаның қолайлы сақталуына ықпал етеді.

Қазақстан Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті құрамында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі екіжақты Бірлескен комиссияға қосылу туралы Қытай тарабының ұсынысын қанағаттанушылықпен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао қос мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына аздап болса да жағымсыз әсер еткен әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ықпалын төмендету жөніндегі екі ел үкіметтерінің күш-жігеріне жоғары баға берді. Дағдарысқа қарсы саладағы тығыз өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуларды жалғастыру жайлы келісімдерге қол жеткізілді.

Қазақстан мен Қытай БҰҰ, ШҰҰ, АӨСШК, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі, Азиядағы ынтымақтастық диалогы және өзге де құрылымдар аясында екіжақты өзара іс-қимылды жанжандыруға дайын екендіктерін білдірді. Халықаралық терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен, есірткі саудасымен және өзге де трансшекаралық қылмыс түрлерімен күрес саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы өз белсенділігін төмендетпейтін болады.

Жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша президент Н. Назарбаев пен Ттраға Ху Цзиньтаоның Бірлескен мәлімдемесіне, сондай-ақ екіжақты үкіметаралық, ведомствоаралық және корпоративтік келісімдер мен әртүрлі бағыттағы шарттар топтамаларына ресми қол қою рәсімі өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны