31.03.2011, 13:28 7805

Обама Ливияға құпия операция жүргізуге рұқсат берген

Обама Ливияға құпия операция жүргізуге рұқсат берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Обама Ливияға құпия операция жүргізуге рұқсат берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Барак Обама Америка Құрама Штаты әскерлерінің Ливияға құпия операция бастауы жөнінде жасырын өкімге қол қойған. Операция көтерілісшілердің ливия көсемі Муаммар Каддафиге қарсы күресіне көмек көрсетуге бағытталған. Бұл туралы Лента.ру агенттігі ABC News агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Өкімде тосын жағдайлар туа қалған кезде Каддафи армиясына қарсы қарау-жарақ сақтайтын орындардың сызбалары нақтыланған. Алайда осы кезеңде көтерілісшілерге қару-жарақты қалай беру керектігі туралы нұсқаулар көрсетілмеген.

Ақ үйдің өкілдері мәліметтердің құпиялық сипатына жүгініп, бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. "Көтерілісшілерді қару-жарақпен жабдықтау жөнінде шешім қабылданған жоқ. Біз жоққа шығармаймыз, [мұндай мүмкіндікті] сонымен қатар растамаймыз да. Біз Ливия халқын қолдаудың барлық мүмкіндіктерін бағалап, қарастырудамыз", - делінген Барак Обама өкілдерінің мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны