02.05.2012, 10:41 3168

Обама сапарынан кейінгі жарылыстарды "Талибан" өз мойнына алды

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, шетел азаматтары тұратын қаланың шығыс бөлігінде жарылыс болып, артынан жасақшылар автоматтардан оқ атқан. Изірге алты адамның қаза тапқаны расталды, олардың біреуі жергілікті қауіпсіздік күштерінің қызметкері, қалғаны бейбіт тұрғындар.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Обама сапарынан кейінгі жарылыстарды "Талибан" өз мойнына алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауғанстан астанасы Кабулда АҚШ президенті Барак Обаманың сапарынан соң іле-шала болған жарылыстар үшін жауапкершілікті ,, Талибан,, қозғалысы өз мойнына алды.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, шетел азаматтары тұратын қаланың шығыс бөлігінде жарылыс болып, артынан жасақшылар автоматтардан оқ атқан. Изірге алты адамның қаза тапқаны расталды, олардың біреуі жергілікті қауіпсіздік күштерінің қызметкері, қалғаны бейбіт тұрғындар.

Ал, Би-Би-Си агенттігі жарылыс саны үшеу деп хабарлады. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, шабуылға ұшыраған ауданда шетел әскерінің күшейтілген лагері бар, америкалық жауынгерлердің шоғырлануы да мүмкін. Жарылыстар АҚШ президенті Барак Обама мен Ауғанстан басшысы Хамид Карзай стратегиялық серіктестік туралы келісім шартқа қол қойғаннан кейін болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны