04.05.2008, 14:38 2895

Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хан Сын Су ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сапар мамырдың 13 мен 15 аралығына межеленген, деді Е.Ашықбаев.

"Сапар барысында Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ел басшылығымен кездесіп, екі ел арасындағы энергетика, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған екі жақты құжаттардың топтамасына қол қою жоспарланған", - деді Е. Ашықбаев.

Сондай-ақ, сапар аясында Оңтүстік Кореяның іскерлік өкілдерінен 100-ден астам адамның қатысуымен Қазақстан -Корея бизнес-форумы ұйымдастырылады.

"Оңтүстік Кореяның премьер-министрінің ресми сапары оның Орталық Азия елдеріне жасайтын турнесінің аясында өткізіледі. Бұл оның Корея үкімет басшысы ретіндегі бірінші шетелдік сапары", -деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны