06.12.2012, 09:22 4604

Оралда ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтеді - баспасөз баяны

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің көшпелі ХІІІ отырысы 6-7 желтоқсан күндері Орал қаласында өтпек.

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің көшпелі ХІІІ отырысы 6-7 желтоқсан күндері Орал қаласында өтпек.

Кеңесте мемлекет басшысының жастар саясатын жетілдіру жөніндегі тапсырмаларынан туындайтын міндеттер, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарындағы жастар саясатының жүзеге асуы сөз болмақ. Сондай-ақ басқосуда жастардың тұрғын үй мәселесі де көтеріледі деп күтілуде.

Кеңестің ХІІ отырысы қазан айында Өскемен қаласында өткен болатын.

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесі - 2008 жылғы 1 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған консультативтік-кеңесші орган. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, республикалық және аймақтық жастар ұйымдарының, ғылыми және шығармашыл жастардың өкілдері енген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны