17.07.2008, 16:24 1410

Орта Азия елдері су энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі 4 жақты келіссөздерде ортақ келісімге келе алмады

Орта Азия елдері су энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі 4 жақты келіссөздерде ортақ келісімге келе алмады

Бішкек. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Нарын-Сырдария бассейнінің су энергетикалық ресурстарын бірлесе пайдалану жөніндегі үкіметаралық хаттама жасау жөніндегі келіссөздер жыл басында басталған. 2008 жылы сәуірдің 30-ы мен маусымның 10-да Қырғыз жағының бастамасымен Бішкекте Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің жұмысшы топтарының өкілдері жиналған. Алайда, соған қарамастан келісімге қол жеткізілген жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Төрт жақты, кейіннен екі жақты үкіметаралық келісімдерге келудің барлық әрекеттері сәтсіз аяқталғаннан кейін электр қуатының азғантай бөлігі барлық қызығушылық танытқан сатып алушылар үшін 1 кВт/сағатына 4,5 цент бағасымен өңірлік энергетикалық нарыққа шығарылды. Нәтижесінде "Электр станциялары" ААҚ мен Қазақстанның оңтүстігінің ірі тұтынушылары арасында тікелей келісім жасалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны