03.05.2007, 18:51 2882

Орта Азия мемлекеттерінің Одағын құру қатысушы елдердің егемендігіне нұқсан келтірмейді - қазақстандық диполмат

БІШКЕК. 3 - мамыр. Kazakhstan Today. Орта Азия мемлекеттерінің Одағын құру оның құрамына кіретін елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтірмейді. Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өмірзақ Өзбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Орта Азия мемлекеттерінің одағын құру кез-келген мемлекеттің егемендігіне қатысы жоқ, олар біртұтас болып қала бермек",- деп атап өтті Ө. Өзбеков. "Сөз тығыз экономикалық бірігу туралы, бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы болып отыр",- деп түсіндірді ол.

Дипломаттың айтуынша, біртұтас экономикалық кеңістік құрғаннан кейін ең алдымен кедендік, сосын валюталық одақ құру қажет.

Қырғызстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Бешимов өз кезегінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың Орта Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастамасы соңғы алты жылда жылда белсенді талқыланып отырғандығын еске сала кетті. "Жалпы Қырғызстан бұл идеямен келіседі, бірақ кез-келген идеяны іске асыру барысында нақты механизм болуға тиіс",- деп мәлім етті вице-министр.

Оның пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтің Бішкектегі жуықтағы ресми сапары барысында құрылған Қырғызстан мен Қазақстанның Жоғарғы мемлекетаралық кеңесі Орта Азия мемлекеттерінің одағын құруға серпін береді.

"Орта Азия мемлекеттерінің одағын құру екі мемлекет президенттерінің саяси шешімі болмақ , сонымен қатар осы елдердің қоғамдық пікіріне байланысты",- деп қосты А. Бешимов.

Естеріңізге сала кетейік, Н. Назарбаевтың Бішкекке сапары барысында Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев Қазақстан президентінің Орта Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастамасын қолдаған болатын. Ол сондай-ақ Орта Азияның басқа елдерінің бұл одақты құруға келісімін күтпеуге шақырып, Қырғызстан мен Қазақстанның бірігуін бастауға ұсыныс жасаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны