04.03.2008, 19:30 3509

Орталық Азия аймақтық заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі ақпараттық орталығы пилотты режимде мәжбүрлі жұмыс істеуде

Орталық Азия аймақтық заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі ақпараттық орталығы пилотты режимде мәжбүрлі жұмыс істеуде

Алматы. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы пилотты режимде мәжбүрлі жұмыс істеуде . Бұл туралы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аталған орталықты құру жөніндегі жобасының аға үйлестірушісі Тофик Муршудли баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Есірткінің айналымына қатысты ахуал жақсарған жоқ, Ауғанстанда апиын көкнәрінің рекордтық түсімі жиналып, героин өндірілуде. Осыған байланысты Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығын құру жөнінлегі келісімнің ратификациялануын күтпей, орталықтың іс-қызметін пилотты негізде бастай беру жөнінде шешім қабылданды ", - деді Т. Муршудли.

Оның айтуынша, Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығын құру жобасының донор-мемлекеттерінің өкілдері қатысқан 2007 жылдың 5 маусымындағы кеңес барысында пилотты фаза туралы бастама қолдау тапты. Ташкентте өткен арнаулы кеңесте де бұл шешім мақұлданды. Сөйтіп, Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының іс-қызметі 2007 жылдың 1 қарашасында басталды.

Т. Муршудлидің айтуынша, пилотты фазада ақпарат жинау тетіктерін жасау және оларды іс жүзінде тексеру , ақпарат алмасуды талдау, бақылаудағы сатылымдар секілді трансшекаралық операцияларды ұйымдастырып жүзеге асыру көзделуде.

Сондай-ақ, пилотты фаза барысында орталықтың өңірдегі және одан тысқары жерлердегі құқық қорғау органдарымен, басқа да арнаулы мекемелермен ынтымақтастық орнатуына тұғырнама қаланады. Бұған қоса орталық іс-қызметінің тетіктері дәйектеліп, "Тарсет", "Тосқауыл -Заслон", "Транзитті тасымал" секілді іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысу жолдары айқындалады .

Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы директорының міндетін атқарушы Мұхтарбек Мадыбаевтың айтуынша, орталықтың басты мақсаты жобаға қатысушы елдердің мекемелері арасында ақпарат жинау, алмасу және талдау, оперативтік ынтымақтастыққа саяды.

Орталық құру жөніндегі шешімді 2004 жылы Мәскеуде есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндірісі, айналымы мен оны тұтынуды қадағалау саласындағы аймақтық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы 1996 жылдың 4 мамырындағы меморандумына қатысушы елдер (Изербайжан, Қазақстан , Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) қабылдады. 2006 жылы басты құжаттар мақұлданып, қатысушы мемлекеттердің президенттерінің қол қоюына ұсынылды. Орталық Алматыда орналасатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны