16.06.2009, 13:49 2408

Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің шешуші бағыты болмақ - Назарбаев

Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің шешуші бағыты болмақ - Назарбаев

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің шешуші бағыты болмақ, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің шешуші бағыты болып табылады",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазақстан ядролық қарудан ерікті бас тартушы ел және жаһандық қарусыздану үдерісіне белсенді қатысушы ретінде КХДР-дың ядролық сынақ жүргізгенін айыптайды", деді Елбасы сонымен бірге.

"Біздер осы қадамның жаһандық қару таратпауға барынша теріс әсері болатынын және аймақтық және жаһандық ауқымда қауіпсіздікке қатер төндіретініне сенімдіміз", - деді Қазақстан президенті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Екатеринбург қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Вести" телеарнасына сілтеме жасап.

"Вести" мәліметінше, кеңеске РФ президенті Дмитрий Медведев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов және Пәкістан президенті Асиф Али Зардари, ҚХР басшысы Ху Цзиньтао, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Болат Нұрғалиев, сондай-ақ, бүгін таңертең Ресейге келген Иран президенті Махмуд Ахмадинежад, Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх, Монғолияның бірінші вице-премьері Норовын Алтанхуяг қатысуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитінде 15-16 маусымда Екатеринбург декларациясы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының лаңкестікке қарсы конвенциясына қол қою жоспарлануда. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Сергей Приходько мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны