04.12.2012, 16:57 3062

Орталық Азия өңірлерінің ынтымақтастығы Ауғанстандағы тұрақтылық мәселесін шешуді қамтамасыз етеді

"Ауғанстанда тұрақтылықты сақтау және осы елдің бейбіт дамуы проблемасы бүгінде өте маңызды халықаралық мәнге ие. Ең алдымен, экономикалық және әлеуметтік салаларда көп нәрсе жасау керек. Бұнымен қоса, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үлкен мәселе болып қалып отыр. Бүкіл әлемдік қоғам бұл елде бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық орнауына мүдделі", - деді ол.

Астана. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - Орталық Азия өңірлерінің ынтымақтастығы Ауғанстандағы тұрақтылық мәселесін шешуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 4 желтоқсанда "Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның экономикалық ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзара қатынасы" атты халықаралық форум аясында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Орталық Азия елдерінің арасындағы басты мәселе Ауғанстанда тұрақтылықты сақтап қалу проблемасы болып табылатындығын атап айтты.

"Ауғанстанда тұрақтылықты сақтау және осы елдің бейбіт дамуы проблемасы бүгінде өте маңызды халықаралық мәнге ие. Ең алдымен, экономикалық және әлеуметтік салаларда көп нәрсе жасау керек. Бұнымен қоса, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үлкен мәселе болып қалып отыр. Бүкіл әлемдік қоғам бұл елде бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық орнауына мүдделі", - деді ол.

Нығматулин сондай-ақ аталмыш дөңгелек үстел Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның экономикалық ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара қатынасын талқылауға арналған жақсы диалог алаңына айналатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны