18.04.2007, 18:05 3840

Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану туралы мәселені шешу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады

АСТАНА. 18 - сәуір. Kazakhstan Today. Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді тиімді және әділ пайдалану туралы мәселені шешу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Мұндай пікірін бүгін Астанада өткен ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет аймақтарының одан әрі тұрақты дамуы көп жағдайда еліміздің су қатынастарының дамуына тәуелді болады",- деді К. Мәсімов.

Оның пікірінше, Орта Азия мемлекеттерінің су энергетикалық ресурстарын өзара пайдалану проблемаларын шешудегі жақындасу процессі баяу қарқынмен жүруде және де тиімділігі төмен деп сипатталуда. "Бұл жеткілікті құқықтық базаның болмауы, су ресурстарын бірлесе пайдалану, жеке мүдделердің басымдылығы, су ресурстарына деген мұқтаждықтың үнемі өсуі сияқты бірқатар себептерге негізделген",- деп түсіндірді Қазақстан Республикасының премьер-министрі.

"Орталық Азия республикаларында экономика дамыған және халық саны өскен сайын сумен тұрақты қамтамасыз ету проблемасы ның өзектілігі арта түсуде",- деп қосты ол. Осыған байланысты үкімет басшысы Орталық Азия аймақтарының су энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану тұжырымдамасын қабылдау қажет деп санайды.

"Тұжырымдама аталмыш су бассейніне жататын барлық елдерінің, соның ішінде ЕурАзЭҚ құрамына кірмейтін елдердің, атап атап айтқанда Түркіменстанның мүддесін ескеруі қажет",- деген сенімде К. Мәсімов.

Сонымен қатар, көрсетілген тұжырымдаманы пысықтау барысында Қазақстан жағы оны жүзеге асырудың құрамдас бөлігі ретінде Еуразиялық су орталығын құру туралы мәселені қарастыру керек деп санайды. "Біз аталмыш бастама халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу саласындағы түсіністік пен тұрақты дамуға өтуге мүмкіндік беретін құралдардың бірі болады деп санаймыз",- деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны