20.10.2006, 18:19 2887

Орталық сайлау комиссиясы 2007-жылы еліміздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің 70 процентінде әкімдер сайлауы өтуі мүмкін деп санайды

АСТАНА. 20-қазан. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы 2007-жылы еліміздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің 70 процентінде әкімдер сайлауы өтуі мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі

"Бүгін өткен сайлау еліміздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің 70 процентінде келесі жылы әкімдерді сайлауға болады деген тұжырым жасауға негіз болмақ",- деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков бүгін комиссияның мәжілісінде.

"Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерінің бүгінгі сайлауы жоғары деңгейде өтті. Сайлау қызу күреспен өткеніне қарамастан, нәтижесі дауыс беру барысында-ақ белгілі болды. Бұл сайлау мәслихат депутаттарына бұрынғыдан ауқымдырақ өкілеттілік берілгенін, олардың ролі арта түскенін паш етті",- деді Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін еліміздің 10 қаласы мен 49 ауданында әкімдер сайлауы өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны