20.07.2007, 16:05 2911

Орталық сайлау комиссиясы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп саяси партиялар үшін интернет-форум ұйымдастырады

АСТАНА. 20 шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп саяси партиялар үшін интернет-форум ұйымдастырады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін өткен брифингте комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясы саяси пікірталастардың форматын мейлінше кеңейтіп, саяси партияларға өздерінің сайлау алдындағы тұғырнамаларын насихаттауға қосымша мүмкіндіктер бермекші. Орталық сайлау комиссиясы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп сайлауға қатысушы саяси партияларға электронды үкіметтің веб-порталы арқылы сайлаушылармен байланысқа шығуды ұсынды", - деді Қ. Тұрғанқұлов.

Өз кезегінде Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің түсініктемесіне сәйкес, 24 шілдеден бастап www.e.gov.kz порталында "қоғамдық қабылдаулар" мен форум ашылмақшы. Онда азаматтар саяси партияларға өз дауыстарын бере алады. Ир партияға арнаулы бөлім тағайындалады, онда партия өз іс-қызметі туралы жаңалықтарды, анықтамалық ақпарттарды және сайлау алдындағы тұғырнамасын орналастыра алады.

31 шілде мен 8 тамыз аралығында саяси партиялардың жетекшілерінің қатысуымен интернет-конференция өтеді, партия өкілдері конференция сауалдарына Қазақ радиосының тікелей эфирінде жауап береді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны