24.07.2007, 17:32 3077

Орталық сайлау комиссиясы депутаттықтан кандидаттардың сенімді өкілдерін тіркеу тәртібін өзгертті

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың өтінішімен депутаттықтан кандидаттардың сенімді өкілдерін тіркеу тәртібін өзгертті. Осы жөніндегі шешім бүгін ОСК отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Орталық сайлау комиссиясының қаулысына мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттарының сайлаулары бойынша сайлау құжаттарының формасын белгілеу жөнінде өзгеріс енгіздік. Атап айтсақ, сайлау комиссиясының сенімді өкілдерді теркеу жөніндегі хаттамасының формасы өзгертілді", - деді отырысты қорытындылаған ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Мәселен, хаттамадан кандидаттардың сенімді тұлғаларының лауазымы мен тұрғылықты жері туралы мәліметтер алынды.

"Бұл шешімді біз саяси партиялардың Орталық сайлау комиссиясына жолдаған өтініштерінде қауіп білдіруіне байланысты қабылдадық. Хаттамаға енгізілетін кандидаттардың сенімді тұлғаларының лауазымы мен тұрғылықты жері туралы мәліметтерді үшінші біреулер бас пайдасына жаратып кетуі мүмкін деген қауіпке байланысты бұл", - деді ОСК төрағасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны