18.07.2007, 10:20 1251

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының, Қазақстан Патриоттар партиясының және Қазақстан социал-демократиялық "Ауыл" партиясының партиялық тізімдерін тіркеді

АСТАНА. 18-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2007 жылғы 17 шілдеде үш саяси партия, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының құрамында 20 адам бар; Қазақстан Патриоттар партиясының құрамында 11 адам бар; Қазақстан социал-демократиялық "Ауыл" партиясының құрамында 33 адам бар партиялық тізімдерін тіркеді. Бұл туралы ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов комиссияның кеше өткен отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тіркеу барысында Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан 3 адам, Қазақстан Патриоттар партиясынан 2 адам өз кандидатураларын кері қайтарып алды",- деді Қ.Тұрғанқұлов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ОСК 12 шілдеде "Нұр Отан" ХДП-ның мәжіліс депутаттығына 126 үміткерден құралған партиялық тізімін, 80 адамнан тұратын Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімдерін тіркеген болатын.

Орталық сайлау комисиясына жалпы алғанда 7 саяси партияның тізімі тапсырылды, соның ішінде "Нұр Отан" ХДП (оның сьезінде 127 кандидаттың тізімі бекітілген), "Руханият" партиясы (11), "Ақжол" (114), ЖСДП (80), "Ауыл" партиясы (40), ҚХКП (23) және Патриоттар партиясы (13) бар.

Партиялық тізімдерді тіркеу 17 шілдеде аяқталады. 18-шілдеден бастап партиялар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады. ҚР парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы партиялық тізім бойынша 18-тамызда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны