12.07.2007, 15:35 2556

Орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отанның" мәжіліс депутаттығына 126 үміткерден құралған партиялық тізімін тіркеді (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" ХДП-ның мәжіліс депутаттығына 126 үміткерден құралған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ОСК.

"Орталық сайлау комиссиясы 12 шілдеде "Нұр Отан" ХДП-ның мәжіліс депутаттығына 126 үміткерден құралған партиялық тізімін тіркеді",- делінген бүгін ОСК отырысы алдында таратылған баспасөз баянында.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов "Нұр Отан" партиясы келтірген тізімнен Талғат Мұсабаевтың тіркелмей қалғанын жеткізді. "Ол соңғы 10 жыл бойы Қазақстанда тұрмаған",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орталық сайлау комисиясына жалпы алғанда 7 саяси партияның тізімі тапсырылды, соның ішінде "Нұр Отан" ХДП (оның сьезінде 127 кандидаттың тізімі бекітілген), "Руханият" партиясы (11), "Ақжол" (114), ЖСДП (80), "Ауыл" партиясы (40), ҚХКП (22) және Патриоттар партиясы (13) бар.

Партиялық тізімдерді тіркеу 17 шілдеде аяқталады. 18-шілдеден бастап партиялар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады. ҚР парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы партиялық тізім бойынша 18-тамызда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны