22.08.2007, 19:11 3334

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті (толықтырылған нұсқа)

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссияның хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АСТАНА. Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссияның хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы 88,41 пайыз, "Ақ жол" партиясы - 3,09 пайыз, Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия - 4,54 пайыз, Қазақстанның Патриоттар партиясы - 0,78 пайыз, "Ауыл" партиясы - 1,51 пайыз, "Руханият" партиясы - 0,37 пайыз, Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы - 1,29 пайыз дауыс жинаған.

ОСК хатшысының айтуынша, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауында "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы үшін 5 247 720, немесе сайлаушылардың 88,41 пайызы, "Ақ жол" партиясы үшін 183 346, немесе 3,09 пайыз, Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия үшін 269 310, немесе 4,54 пайыз, Қазақстанның Патриоттар партиясы үшін 46 436, немесе 0,78 пайыз, "Ауыл" партиясы үшін 89 855, немесе 1,51 пайыз, "Руханият" партиясы үшін 29 159, немесе 0,37 пайыз, Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы үшін 76 799, немесе 1,29 пайыз сайлаушы дауыс берген.

ОСК қаулысына сәйкес, парламент мәжілісінің депутаты деген 98 мандатты "Нұр Отан" партиясы алмақ.

Б. Мелдешовтың хабарлауынша, сондай-ақ, өз қаулысымен ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған 9 адамды мәжіліс депутаты деп бекітті. Мәжіліс құрамына Мұрат Ахмадиев (ұйғыр), Валерий Виниченко (украин), Егор Капель (неміс), Раиса Полищук (орыс), Леонид Питаленко (белорус), Қайрат Сәдуақасов (қазақ), Рузакул Калмуратов (өзбек), Людмила Хачиева (балкар), Виктор Цой (кәріс).

Сайлаудың ақырғы қорытындысы ресми БАҚ-тар мен Орталық сайлау комиссиясыының сайтында жарияланатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны