19.09.2008, 16:51 2553

Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттарының сайлауындағы сайлау бюллетеньдерінің мәтіндерін және бюллетеньдерді бекітті

Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттарының сайлауындағы сайлау бюллетеньдерінің мәтіндерін және бюллетеньдерді бекітті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттарының сайлауындағы сайлау бюллетеньдерінің мәтіндерін және бюллетеньдерді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жеткізу мерзімдерін белгіледі. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, "2008 жылғы 19 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы өз отырысында "2008 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасы парламент сенаты депутаттарының сайлауындағы сайлау бюллетеньдері туралы" қаулы қабылданды".

Бұл қаулымен сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілді, сондай-ақ, бюллетеньдерді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жеткізу мерзімдері белгіленді.

Жалпы алғанда, сайлау науқаны қалыпты жағдайда және жария, сайлау туралы заң талаптарына сәйкес өтуде.

Сайлау науқанының осы кезеңінде Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңнамасы талаптарының бұзылу фактілері жөнінде келіп түскен шағымдар жоқ.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының қазіргі кезеңдегі басты мақаты дауыс беру күнін дайындау болып табылады.

Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік таңдаушылардың бірлескен отырыстарының өткізілетін орны мен уақыты анықталған. Дәстүр бойынша отырыстардың басым көпшілігі 4 қазан күнгі таңертеңгі сағат 10-11-де басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны