18.07.2007, 16:42 2798

Орталық сайлау комиссиясы партиялардың сайлау бюллетеніндегі кезігін бекітті

АСТАНА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясының бүгін өткен отырысында партиялар атауының сайлау бюллетенінде көрсетілетін кезігі бекітілді. Тізімдегі кезек жеребе тастау арқылы анықталды, мәжіліс депутаттарының сайлауына атсалысуға ниет білдірген барлық жеті саяси партияның өкілдері ішінде нөмірі көрсетіліп, аузы желімделген конвертті тарты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жеребе нәтижесіне сәйкес, сайлау бюллетенінде "бірінші" нөмірге Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (Орталық сайлау комиссиясында тіркелген 80 адамнан құралған партиялық тізімі бар ), "екінші" нөмірге "Нұр Отан" ХДП (126 кандидат), "үшінші" нөмірге Қазақстан Патриоттар партиясы (11), "төртінші" нөмірге "Ауыл" партиясы (33), "бесінші" нөмірге "Ақжол" партиясы (98), "алтыншы" нөмірге "Руханият" партиясы (9), "жетінші" нөмірге Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы (20) ие болды.

Сөйтіп, нақтыланған мәліметтерге сәйкес, партиялық тізім бойынша мәжілістегі 98 орынға 377 үміткер, соның ішінде 321 ер адам және 56 әйел таласпақшы. Кандидаттардың орташа жасы 55 жас. 364 кандидат жоғары білім игерген.

Мамандығы бойынша: 87 - инженер; 75 - заңгер, 70 - оқытушы, 60 - экономист.

Қызмет түрі бойынша: 76 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 47 - үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаттары; 45 - мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері; 41 - ғылым, мәдениет және білім беру қызметкерлері; 21 - орталық органдар мен министрліктердің қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны