18.07.2007, 10:29 1305

Орталық сайлау комиссиясы "Руханият" және "Ақ жол" партияларының партиялық тізімдерін кеш тіркеді

АСТАНА. 18-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы "Руханият" партиясының және Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының партиялық тізімдеріне енгізілген кейбір кандидаттар тіркеу үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты, осы партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы мәселені кешірек уақытқа қалдырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өйткені партиялық тізімдерді тіркеуді аяқтаудың ресми мерзімі - 2007 жылғы 17 шілде сағат 24.00 болып табылады", деп түсіндірді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов кеше өткен комиссияның отырысы барысында.

"Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы 114 адамнан тұратын тізімді таныстырды, алайда 16 кандидатты тіркеуге қажетті құжаттары болмай шықты. 13 адамның құжаттары мүлдем жоқ болса, 3 үміткер салық декларациясын тапсырағаны туралы құжаттты көрсете алмады",- деді Қ.Тұрғанқұлов.

Ал "Руханият" партиясының тізіміндегі 10 адамның біреуінде салық декларациясын тапсырғаны туралы анықтама әкелмеген.

"Егер түнгі сағат 24-ке дейін кандидаттардың тиісті құжаттары таныстырылмаған жағдайда аталмыш партиялардың партиялық тізімдері осы кандидаттарсыз тіркеледі",- деді Қ.Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны