24.07.2007, 16:31 2930

Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдерінің санын белгіледі

АСТАНА. 24-шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қажетті сайлау бюллетеньдерінің саны 8896173 дананы, ал мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері - 16664704 дананы құрайды деп белгіледі. Бұл туралы бүгін ОСК отырысында комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл санды Орталық сайлау комиссиясы 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сайлау комиссияларына сайлаушылар туралы ұсынылған мәліметтерге сәйкес және сайлау заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қамти отырып белгіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны