09.12.2008, 15:44 1795

Орталық сайлау комиссиясы сенаттың 16 депутатын тіркеп, оларға тиісті куәлік пен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырды

Орталық сайлау комиссиясы сенаттың 16 депутатын тіркеп, оларға тиісті куәлік пен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырды

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Орталық сайлау комиссиясы 2008 жылғы 4 қазандағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының16 депутатын тіркеп, оларға тиісті куәлік пен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОСК хатшысы Б.Мелдешевтің айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45 баптарына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы шығарды".

Тіркелген Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарына тиісті куәлік пен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырылды.

ОСК қаулысына сәйкес, 2008 жылғы 4 қазандағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының мынадай депутаттары тіркелді :

Ақмола облысынан Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы; Ақтөбе облысынан Иміров Иран Имірұлы; Алматы облысынан Сүлейменов Нұрлан Ильясұлы; Атырау облысынан Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы; Шығыс Қазақстан облысынан Плотников Сергей Викторович; Жамбыл облысынан Савченко Александр Георгиевич; Батыс Қазақстан облысынан Мұқаев Ерболат Рахметұлы; Қарағанды облысынан Кубайчук Юрий Алексеевич; Қызылорда облысынан Баймаханов Қожахмет; Қостанай облысынан Валиев Құсайн Қасенұлы; Маңғыстау облысынан Бортник Михаил Михайлович; Павлодар облысынан Жұмабаев Ермек Жианшаұлы; Солтүстік Қазақстан облысынан Башмаков Анатолий Афанасьевич; Оңтүстік Қазақстан облысынан Рахманбердиев Орынбай; Астана қаласынан Омаров Қайсар Оспанұлы; Алматы қаласынан Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны