24.07.2007, 16:48 2845

Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан барлығы 262 байқаушыны аккредитациялады

АСТАНА. 24-шілде. Kazakhstan Today. Шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушыларды аккредитациялау шарасы жалғасуда. Бүгін ОСК ТМД миссиясынан тағы 24 байқаушыны, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан 10 байқаушыны және Малайзия мемлекетінен 4 байқаушыны аккредитациялады.

Қазіргі уақытта шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан барлығы 262 байқаушы аккредитацияланған.

ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың хабарлауынша, "шетелдік БАҚ өкілдері халықаралық байқаушыларға берілген барлық құықтарға ие болғанымен, Орталық сайлау комиссиясында аккредитацияланбайды".

"Олардың байқаушылық жасау негізі - ҚР СІМ берген тұрақты немесе уақытша аккредитация. Бүгінгі жағдаймен ОСК республиканың СІМ-іне шетелдік БАҚ-тарға арналған ақпараттары бар 120 папканы жолдады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны