02.08.2007, 16:19 2773

Орталық сайлау комиссиясы тағы 46 халықаралық бақылаушыны тіркеді

АСТАНА. 2 - тамыз. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы тағы 46 халықаралық бақылаушыны тіркеді. Осындай шешім бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ТМД миссиясынан 31 бақылаушыны тіркеу жобаланып отыр, олардың екеуі ТМД парламентаралық ассамблеясынан, сегіз бақылаушы шет мемлекеттерден, сегіз бақылаушы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының құрамына кіретін Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясынан",- деді Орталқ сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова, комиссия қаулысының жобасын жария ете отырып.

Ол, сондай-ақ, ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы канадалық сенатор Консильо Ди Ниноны Қазақстандағы парламент сайлауына ЕҚЫҰ арнаулы үйлестірушісі етіп тағайындағандығын хабарлады. Сенатор "Қазақстандағы ЕҚЫҰ бақылаушыларының парламенттік өкілдерінің басқарады, және де арнаулы үйлестіруші ретінде Қазақстандағы сайлауда қысқа мерзімді байқаушылар делегациясын басқарады". Сайлаудың ертеңінде, 19-тамызда, сенатор Ди Нино алдын ала хабарлама жасайды,- деп атап өтті Т. Охлопкова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 506 халықаралық бақылаушы тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны