30.07.2007, 17:07 3046

Орталық сайлау комиссиясы тағы 49 шетелдік бақылаушыны тіркеді

АСТАНА. 30- шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы тағы 49 шетелдік бақылаушыны тіркеді. Мұндай шешім бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сіздердің қарауларыңызға ТМД миссиясынан 49 адамнан тұратын бақылаушыларды тіркеу туралы қаулы ұсынылады",- деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопова, қаулының жобасын жария ете отырып.

Аталмыш шешімді Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бір ауыздан қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны