16.07.2007, 19:16 2779

Орталық сайлау комиссиясы жұртшылықты сайлаудың барысына бақылау жасауға шақырады

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы жұртшылықты сайлаудың барысына бақылау жасауға шақырады. Бұл туралы бүгін өткен "дөңгелек үстел" барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сайлау процессінің ашықтығы мен жариялылық деңгейін көтеру мүддесіне сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын сайлауға қатысты үгіт-насихат және басқа да шаралардың барысына қоғамдық бақылау орнатуға шақырады", - деп мәлімдеді Қ. Тұрғанқұлов. "Біз сондай-ақ, саяси және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашы зиялы қауымды сайлауды қадағалау барысына белсене араласуға шақырамыз", - деп қосты.

ОСК төрағасының айтуынша, "Қазақстанның сайлау заңнамасы халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген". "Алайда, сайлау процессіне қатысушы барша тараптардың заңға бұлжытпай бағынуы еліміздің заңнамасындағы демократиялық әлеуетті толыққанды жүзеге асыруға және сайлауды әділетті, ашық әрі адал өткізуге мүмкіндік береді", - деп санайды ол. "Сайлау барысына, әсіресе саяси партиялар мен мәслихат депутаттығынан үміткерлердің гіт-насихат науқанын қоғам тарапынан қадағалаудың маңызы зор", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны