24.07.2007, 17:09 2934

Орталық сайлау комиссиясына партиялар тарапынан сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында заң бұзғаны жөнінде мәліметтер келіп түсуде

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясына партиялар тарапынан сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында заңнама нормаларын бұзғаны жөнінде мәліметтер келіп түсуде. Бұл туралы бүгін ОСК отырысында комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бізге кейбір партиялар тарапынан үгіт-насихат жұмыстарын реттейтін заңнама нормаларын бұзғаны жөнінде мәліметтер келіп түсуде", - деді Қ. Тұрғанқұлов.

Атап айтсақ, оның айтуынша, Қарағанды облысында бір партияның үгіт жұмыстарына арналмаған жерде материалдарды шығарған ұйым туралы, олардың басылған орны мен таралымы, тапсырыс бергендер туралы, және бұл тапсырысты басып шығару қаржысы қайдан алынғаны жөніндегі мәліметтері жоқ, астыртын үгіт үнпарақтарын шығару деректері тіркелген. Қ. Тұрғанқұловтың айтуынша, қазір жиналған материалдар зерттеу үшін прокуратураға жіберілді.

Ал азаматтар мен қоғамдық ұйымдардан Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен арыз-шағымдарға келсек, ОСК төрағасының айтуынша, "ондайлар әзірге тым көп емес". "Жалпы алғанда 20 маусым мен 20 шілде аралығында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерден 55 арыз-шағым, келіп түссе олардың екеуі сайлауға байланысты емес. 53 өтініштің 21 -і сайлау жөніндегі заңнамаға түсініктеме беру туралы болса, 3 -і сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібін бұзу туралы, біреуі мәжіліс және мәслихат депутаттығынан үміткерлердің әрекетіндегі заңсыздықтар туралы", - деді Қ. Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны