03.07.2007, 13:31 2553

Орталық сайлау комиссиясының жанынан сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесі құрылды

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясының жанынан сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесі құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында кеңес туралы ереже бекітілді. Кеңес Орталық сайлау комиссиясының жанында тұрақты жұмыс істейтін консультативтік кеңесші орган ретінде құрылды.

Оның басты міндеті сайлау процессіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың жалпы тұжырымдамасы мен стратегиясын жасау, осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, құқықтық оқыту саласындағы сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың сындарлы өзара іс-қимылын дамыту болады.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық Тұрғанқұловтың атап өткеніндей, "бұл жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде, өйткені сайлау заңнамасы нормаларының және азаматтардың сайлау құқықтарының іс жүзінде сақталуы мен іске асырылуы сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігіне және сайлаушылардың құқықтық сауаттылығына байланысты".

Сондай-ақ бүгін комиссия сайлау процесіне қатысушылар мен сайлау комиссияларының мүшелері үшін әзірленген оқу курстарының бағдарламасын бекітті. Бұл курстар сайлау процесіне қатысушыларды тиімді оқытуды неғұрлым қысқа мерзімде ұйымдастыруға көмектесетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны