15.11.2012, 17:09 3087

Орталықазиялық мемлекет алғаш рет БҰҰ адам құқықтары кеңесінен орын алды

Германия халықаралық құқық қорғау органынан екінші рет орын алды, деп жазады Deutsche Welle медиакомпаниясы DAPD агенттігіне сілтеме жасап.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Орталықазиялық мемлекет алғаш рет БҰҰ адам құқықтары кеңесінен орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының көптеген мүше-елдері Германияны Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қосуға дауыс берді.

Германия халықаралық құқық қорғау органынан екінші рет орын алды, деп жазады Deutsche Welle медиакомпаниясы DAPD агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні, 12 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының 193 мүше елдерінің 127-сі Германия үшін дауыс берді.

ГФР сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле Адам құқықтары жөніндегі кеңеске сайлау "Германияға қатысты сенімнің және елдің бүкіл әлем бойынша адам құқықтарын қорғау саласындағы дәйекті саясатының айғағы болып табылады" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, құқық қорғау қызметі неміс сыртқы саясатының әрқашан да басымдықты бағыты болып келеді.

Германиядан басқа Кеңестің "Батыс тобынан" АҚШ пен Ирландия орын алды. Агенттіктің атап көрсетуінше, Батыс елдерінен үш орынға бес үміткер болды. Грекияның ұтылатыны әуел бастан белгілі еді, ал Швецияның сәтсіздігі күтпеген жағдай болды, өйткені Адам құқықтары жөніндегі кеңестегі Швеция өкілдігінің біраздан бергі дәстүрі болатын.

Бұрынғы КСРО елдерінен БҰҰ-ның құқық қорғау органына Қазақстан мен Эстония кірді. Орталықазиялық мемлекет Кеңесте алғаш рет орынға ие болды. Уго Чавестің авторитарлық режиміне қарамастан, Венесуэлаға Ассамблеяның 40 мүше-елінің ғана қарсы болуы да күтпеген жағдай еді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі көмекші орган болып саналады. Оның әр өкілінің өкілеттігі үш жыл. Кеңестегі орындар БҰҰ-ның аймақтық топтары арасында бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны