28.08.2012, 16:37 3019

Ош қаласында Қазақстан консулдығы ашылды

Ошта Қазақстан консулдығын ашу туралы келісім Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға сапары барысында бекітілген.

Бішкек. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында Қазақстан консулдығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы сейсенбі күні Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ошта Қазақстан консулдығын ашу туралы келісім Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға сапары барысында бекітілген.

"Қайта ашылған консулдық қазақ-қырғыз шекарасын жиі кесіп өтіп, барған жерінде көптеген проблемаларға душар болатын екі елдің азаматтарына, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері мен еңбек мигранттарына көмектесуді мақсат тұтады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны