07.07.2009, 16:34 3103

Осы аптада Астанаға АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары басқарған делегация жұмыс сапарымен келеді

Осы аптада Астанаға АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары басқарған делегация жұмыс сапарымен келеді

Астана. 7 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Осы аптада Астанаға АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс басқарған делегация жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, 9 - 10 шілдеде Астанаға АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уильям Бернс басқарған делегация жұмыс сапарымен келеді, ол республиканың басшылығымен бірқатар келіссөздер жүргізеді.

Алдағы келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастықтың келешегі, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қару таратпау, сондай-ақ, 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы секілді тақырыптар талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны