07.10.2008, 18:04 3156

ОСК Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын жария етті

ОСК Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын жария етті

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ОСК Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі № 635 жарлығына сәйкес 2008 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау болып өтті.

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында өткізілді деп танылғанын хабарлайды.

37 кандидат дауысқа түсті. 3310 таңдаушының 3231-і немесе таңдаушылардың жалпы санының 97,61 пайызы дауыс беруге қатысты.

Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 213 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары мынадай болып анықталды: Ақмола облысынан Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 230 (85,8 пайыз), Қажыбаев Жаңаберген Қажыбайұлы үшін 32 (11,9 пайыз), Ыбыраев Бақтыбай Қабылдаұлы үшін 6 (2,2 пайыз) дауыс берілді; Ақтөбе облысынан Иміров Иран Имірұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 190 (96,4 пайыз), Ізғарин Қадыржан Іскендірұлы үшін 7 (3,6 пайыз) дауыс берілді; Алматы облысынан Идрисов Қанат Айдарұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 21 (6,6 пайыз), Сүлейменов Нұрлан Ильясұлы үшін 299 (93,4 пайыз) дауыс берілді; Атырау облысынан Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 122 (96,8 пайыз), Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы үшін 4 (3,2 пайыз) дауыс берілді; Шығыс Қазақстан облысынан Кавригин Дмитрий Юрьевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 6 (1,9 пайыз), Плотников Сергей Викторович үшін 297 (94,6 пайыз), Федосов Александр Иванович үшін 11 (3,5 пайыз) дауыс берілді; Жамбыл облысынан Подшибякина Татьяна Борисовна үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 14 (9,5 пайыз), Савченко Александр Георгиевич үшін 134 (90,5 пайыз) дауыс берілді; Батыс Қазақстан облысынан Бекмағамбетов Мағал Төлеуұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 11 (5,7 пайыз), Мұқаев Ерболат Рахметұлы үшін 181 (94,3 пайыз) дауыс берілді; Қарағанды облысынан Ивченко Геннадий Иванович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 1 (0,4 пайыз), Кубайчук Юрий Алексеевич үшін 277 (99,6 пайыз) дауыс берілді; Қызылорда облысынан Баймаханов Қожахмет үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 138 (97,2 пайыз), Махатов Бағдат Тагирұлы үшін 1 (0,7 пайыз), Сахтағанов Талғат Төлекұлы үшін 3 (2,1 пайыз) дауыс берілді; Қостанай облысынан Валиев Құсайн Қасенұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 269 (93,1 пайыз), Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы үшін 5 (1,7 пайыз), Сәтмұхамбетов Серік Өмірзақұлы үшін 15 (5,2 пайыз) дауыс берілді; Маңғыстау облысынан Бортник Михаил Михайлович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 105 (95,5 пайыз), Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызы үшін 5 (4,5 пайыз) дауыс берілді; Павлодар облысынан Жұмабаев Ермек Жианшаұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 178 (89,4 пайыз), Ситказинов Айдар Кенжетайұлы үшін 21 (10,6 пайыз) дауыс берілді; Солтүстік Қазақстан облысынан Башмаков Анатолий Афанасьевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 174 (80,9 пайыз), Қарбаев Есенгелді Шайкенұлы үшін 41 (19,1 пайыз) дауыс берілді; Оңтүстік Қазақстан облысынан Опышев Жеңіс Даулетұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 28 (17,3 пайыз), Рахманбердиев Орынбай үшін 134 (82,7 пайыз) дауыс берілді; Астана қаласынан Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 8 (32,0 пайыз), Омаров Қайсар Оспанұлы үшін 17 (68,0 пайыз) дауыс берілді; Алматы қаласынан Құдайбергенов Күмісхан Керімбекұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 4 (12,1 пайыз), Сетенов Тоқтар үшін 4 (12,1 пайыз), Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы үшін 25 (75,8 пайыз) дауыс берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны