28.02.2011, 11:31 7708

ОСК коммунист Ахметбековты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді

ОСК коммунист Ахметбековты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - ақпан. Kazakhstan Today - ОСК коммунист Ахметбековты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековты ҚР Президенттігіне кандидат етіп тіркеген.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңының 56 -бабының 2-тармағына сәйкес, Президенттікке кандидатты облыстар мен Алматы және Астана қалаларының кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 1 пайызы қолдауы тиіс.

Ал Ж.Ахметбековтың кандидатурасын қолдап, еліміздің 15 өңірінен теңдей өкілдік ететін 96 мың 557 сайлаушының қолы жиналған. Бұл белсенді сайлау құқығына ие сайлаушылардың 1 пайызынан астамы. Осыған қарай ОСК ұсынылған құжаттарды қарай келе, олар Конституция мен "ҚР Сайлау туралы" конституциялқ заңыының талаптарына сәйкес деп танылып Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, ОСК ҚР президенттігіне үміткерлердің республикалық бюджет қаржысынан жұмсалатын нормативтік шығындарын бекітті.

Атап айтқанда, әрбір кандидатқа жұмсалатын шығын 6 млн 294 мың теңгені құраған.

Сондай-ақ, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 3 сәуірде өтетін мерзімнен бұрын президенттік сайлауға алғашқы халықаралық бақылаушыларды тіркеді.

Тиісті қаулыны Орталық сайлау комиссиясы сенбі, 26 ақпанда қабылдады.

"Комиссияның қарауына сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының кезеңтен тыс сайлауына Франция Республикасынан жеті бақылаушы мен халықаралық республикалық институттан екі бақылаушыны аккредитациялау туралы мәселе қарауға алынды", деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Олхопова.

Комиссия мүшелері бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады. Шетел мемлекеті мен халықаралық ұйымдар бақылаушыларына тиісті куәліктер беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны