12.07.2007, 15:29 2677

ОСК мәжіліс сайлауын халықаралық бақылаушыларды аккредитациялай бастады

АСТАНА. 12 -шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда өтетін кезектен тыс мәжіліс сайлауын халықаралық бақылаушыларды аккредитациялай бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ТМД елдерінің миссиясынан 8, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан 18 бақылаушыны аккредитациялау жөнінде ұсыныс бар", - деді ОСК отырысында комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова.

Оның айтуынша, ТМД елдерінің миссиясын Владимир Рушайло, ЕҚЫҰ миссиясын Словения өкілі Любомир Копай басқарады.

Бұл ұсынысты ОСК мүшелері бір дауыстан қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны