16.05.2008, 14:56 3165

ОСК сайлау заңнамасына ЕҚЫҰ нұсқауларына сәйкес бірқатар өзгерістер енгізуге дайын

ОСК сайлау заңнамасына ЕҚЫҰ нұсқауларына сәйкес бірқатар өзгерістер енгізуге дайын

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ОСК Қазақстанның сайлау заңнамасына ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының нұсқауларына сәйкес бірқатар өзгерістер енгізуге дайын. Бұл туралы бүгін

"Конституциялық реформа: дамудың демократиялық векторы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция барсында ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы еліміздің заңнамасын өзгертуге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді. Біз кейбір ұсыныстарды қабылдап, кейбір ұсыныстарды қабылдай алмай отырмыз", - деп мәлімдеді М. Сәрсенбаев.

Мәселен, оның айтуынша, "ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың қаржыландыруына қойылған тыйымды алып тастауды, сондай-ақ, үгіт материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жасауға салынған тыйымды алып тастауды ұсынуда".

"Біздің пайымдауымызша, сайлау- елдің ішкі ісі, еліміздің, ел халқының егеменді құқығы, сол себепті осы процеске шетелдіктердің тікелей араласуы, тіпті, ақша-қаражаттың көмегімен араласуын біз орынсыз деп санаймыз", - деі М.Сәрсембаев.

Сондай-ақ, заңнамадан "сотталғандар пассивті сайлау құқығын иемдене алмайды" деген ережені алып тастау ұсынылып отыр".

"Біз жартылай келістік. Біз мынадай үлгіні ұсынып отырмыз : соттылық - депутат ретінде сайланғысы келетіндер үшін кедергі қалпында қалады. Бірақ ондай жағдайда біз ауыр және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болуы - депутаттықтан үміткер болуға ниет білдірген адам үшін кедергі болатын негіз қалпы қаолуға тиіс деп отырмыз", - деді ОСК мүшесі.

Сонымен бірге, оның айтуынша, ОСК сайлауда жеңіске жету үшін қажетті процентті төмендету мүмкіндігін қарастыруда.

"Қазіргі жеті проценттік барьер әлемдік тәжірибе аясында. Дегенмен, бұл шекті 5%-ға дейін төмендету мүмкіндігі туралы ойластырғанымыз жөн шығар", - деді М. Сәрсенбаев.

Сонымен қатар ОСК "жалпы сайлау жүйесінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін заңда облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары деңгейінде сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысын штаттық мәртебеде белгілеу орынды" деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны